24 Маус 2022
Материал №29 Нурсая

Қарасаева Гүлнар Жұмабайқызы

Қарасаева Гүлнар Жұмабайқызы

Қарасаева Гүлнар Жұмабайқызы-тәрбиеші

Туған жылы:  10.08.1963 жыл

 

Оқу орны: 1991 жылы. Гурьев педагогикалық училищесі НТ-I   № 403138 «Мектепке  дейінгі  мекемелердегі тәрбие» мамандығы

 

Оқуға түскен жылы: 1988 жылы                                                                                                           

 

Оқуды бітірген жылы: 1991 жылы 

 

Педагогикалық еңбек өтілі:  -30 жыл Білім жетілдіру курстары: 2016 жылы 22 қазанда № 0070093 Атырау облысы    бойынша «Өрлеу» БАҰО Сертификат «Мектепке  дейінгі  ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбындағы білім көтеру курсынан өттім. 2018 жылы  24 тамыз айында № 0251998 Атырау облысы    бойынша «Өрлеу» БАҰО «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми – әдіснамалық негіздері» тақырыбындағы білім көтеру курсынан өттім. №29 «Нұрсая» бөбекжай бақшасында 2016 жылдың 13-қыркүйек айынан бері тәрбиеші болып орналастым.   Осы жылдар ішінде марапаттарым, жетістіктерім: 2017 жылы Атырау қалалық кәсіподақ комитетінен   Құрмет грамотасы, 2017 жылы   Республикалық «Жайдарлы жаз» атты байқауда бүлдіршіндер жоғары деңгейде дайындағаны  үшін Мақтау қағазымен  марапатталдым, 2018 жылы Атырау қалалық білім бөлімінен  Құрмет грамотасын, 2019 жылы «Халқаралық ғылыми тәжірибе» республикалық қашықтық олимпиадалар орталығынан Алғыс хат,  2019 жылы «АІ-Fагаbу” Республикалық білім қолдау орталығынан Алғыс хат, 2019 жылы 2-қарашада  Орал қаласында өткен  ІІІ-Республикалық   «Ұлы  дала  ұрпағы» байқауына үздік шәкірт дайындағаны үшін  Алғыс хат,  2019 жылы VI Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған «Жас дарын» байқауына жас жеткіншектерді шығармашылық деңгейде дамытудағы жоғары кәсіби деңгейде дайындағаны үшін Алғыс хат 2020 жылы Атырау қалалық кәсіподақ комитетінен Құрмет грамотасы марапатталдым. 2020- 2021 оқу жылында Халқаралық ПОНИ байқауына балалар дайындағаным  үшін дипломмен марапатталдым. 2021 жылы Республикалық «Даланың дара ұстасы-Ыбырай» атты мәнерлеп оқу сайысына жоғары дәрежеде шәкірттер дайындағаны үшін марапатталдым. 2022 жылы    Республикалық  «BilimMedia» журналынан   Алғыс хатпен марапатталдым. 2022 жылы «Өрлеу» Республикалық  педагогикалық шеберлікті дамыту орталығынан  Құрмет грамотасы . Ата-аналармен тығыз қарым қатынаста болып, ауыз біршілікте жұмыс атқарғаным  үшін  2016-2021 жылдар аралығында  ата-аналар атынан  бірнеше «Алғыс хатқа» ие болдым. Республикалық Баспасөз беттерінен: 2016ж. №5. «Отбасы және балабақша» «Кім жүйрік ойға, сол алда» 2017ж. №3. «Отбасы және балабақша» «Ғажайып дорба»,  2017ж Халықаралық «Білімділер» порталы Сертификат «Геометриялық пішіндер», 2018ж. №6 «Бала мен балабақша» «Әжемнің ауылында» 2018ж. №11 Республикалық  ғылыми-әдістемелік журнал «Тағылым» «Айлакер түлкі» 2019ж №1. «Мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту» «Менің сүйікті балмұздақтарым».  2021жылы №2. «Бала мен балабақша  журналы«Бес тас»  2022 жылы Республикалық Дидактика журналы «Ою-өрнек сәніміз».

«Әжемнің ауылында», «Табиғат және біз», «Айлакер түлкі», «Кішкентай тапқырлар», «Ата заңым-Абырой, Дәстүр, Арымыз!»,  «Жол тәртібін білейік аман-есен жүрейік», «Айлакер түлкі», «Елін сүйген-Елбасы», «Гүлдер әлеміне саяхат», «Гүлді кілемше», «Су тіршілік көзі», «Қоянның үйшігі»,  «Дымбілмес жолда», «Бір қазан сүт»,            «Ң-дыбысы мен әрпі», «Аспан әлеміндегі шоқ жұлдыздарға саяхат», «Сиқырлы дыбыстар », «Білім еліне саяхат» т.б  Жоспарға сай өткізіліп жатқан көрмелерге:  «Мен менің Отбасым» фото көрмесі  (Отбасылық суреттерді  жинақтау),   «Берекелі алтын күз» мерекесіне орай  «Күз сыйы» (Күз мазгіліне арналған қолдан жасалған бұйымдар), «Қош келдің –Жаңа жыл»   (  Жаңа жылдық безендіру, қолдан жасалған бұйымдар), «Қыс қызығы» атты балалармен ата-аналар бірлескен жұмыстарынан  көрме ұйымдастыруда  ат салыса қатыстық.   Ертеңгіліктер:  «Білім күні», «Тәуелсіздік тұғырым», «Алтын күз», «Қош келдің –Жаңа жыл», «Мерекеңмен Анашым», «Көрікті көктем»,  «Наурыз-жыл басы»,  1-мамыр Халқаралық достық күні  «Достығымыз жарасқан»,  «Қош, сүйікті балабақша!»  ертеңгіліктерін өткіздім. Балабақша ішілік топ аралық тәрбиешілер арасында өткен «Көркем сөз», « Мақал-мәтел» жарыстарында жүлделі орындарды иелендім. Мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндер арасында «Қыз сыны», спорттық сайыста  жүлделі орындармен марапатталды. 2021 жылы Тәуелсіздігімізге 30 жылдығына орай  көркем сөз сайысынан  бүлдіршіндерім дәрежелі   І-ІІ дипломдармен марапатталды.     Балабақша атынан   «Суретші бүлдіршін»,  «Суретші балдырған» сайысында сурет салу өнерімен танылған,  «Айгөлек» шығармашылық балалар байқауында Ертегі, Көркем сөз,  ән номинациясымен, Халқаралық ПОНИ  байқауына қатысқан бүлдіршіндер дипломдармен марапатталды, Республикалық «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» атты шығармашылы жұмысымен І-дәрежелі дипломдарымен марапатталды, Республика көлемінде өткен «Қыстың ғажап бейнесі»атты  байқауға қатысып І-дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жаз айларында түрлі көрмелер, сауықтыру шаралары  ұйымдастырылды.   Осы жыл бойы балалармен  өткізілген шаралар бойынша  №1.«Айгөлек» тобының тәрбиеленушілері  белсене қатысты. Балалардың тіл байлықтарын  жан-жақты дамыту мақсатында, оқу қызметі барысында балалардың  қойылған сұрақтарға толық жауап беруін, серуен кезінде ауа райын бақылап, әңгімелеп, ойын кезінде бір бірімен татулыққа, достыққа тәрбиелеу  жұмыстары жүргізіледі. Балабақшада  Халқымыздың ұлттық мәдени мұраларын, балаларға рухани жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге, қоршаған дүниені тануға қатысты мәселелер кең қамтылған.  Ата -аналарымен тіл табысып, жақын қарым-қатынаста,  сыйластықтамыз. Топта түрлі дамытушы орталар жасақтадым. Табиғат бұрышы, кітап бұрышы,  қазақ бұрышы, ертегілер елінде, атрибудтар, көрнекіліктер т.б жасақталып, толықтырылуда. Алға қойған мақсатым тәрбиелеп отырған бүлдіршіндерім жас мөлшеріне сай білім алып, өз ойларын анық, еркін айта алатындай болуы.