24 Маус 2022
Материал №29 Нурсая

Шермаханова Маншук Алтынбаевна

Шермаханова Маншук Алтынбаевна

 

Аты-жөні: Шермаханова Маншук Алтынбаевна

Туған жылы: 23.02.1985жыл

Лауазымы: тәрбиеші

Оқу орны:

  1. 2002-2007ж. Атырау қаласы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті. «Тарих және география» пәні мұғалімі.
  2. 2020жылы Атырау қаласы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «6В01201- Мектепке дейінгі ұйым әдіскері және педагог-тәрбиеші»

Пед өтілі – 6жыл

    «Атырау облыстық Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№29 «Нұрсая» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында 03.12.2019 жылдан бері еңбек етудемін. Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауыммен ұстаз болуым. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол адам бағдарын жасаушы. Бала өмірдің гүлі, отбасы дәнекері, ең бастысы біздің қоғамымызды алға қарай дамытушы болашағымыз. Сондықтан да жас ұрпаққа заман талабына сай, сапалы білім мен саналы тәрбие беру –басты міндет. Педагог К. Д. Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» деген, сондықтан да білімімді кеңейтіп, оқыған білім жетілдіру курстарым:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Біліктілікті арттырудың өңіраралық орталығынан 29.05.2020 жылы «Мектепке дейінгі ұйымдарда «өзін-өзі тану» пәнін оқытудың қазіргі жаңа бағыттары және өзіндік әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында қазақ тілінде 72 сағат білім жетілдіру курсынан өтіп №150912 тіркеу нөмірлі сертификат алдым.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамынан 13.11.2020 жылы «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында қазақ тілінде 72 сағат білім жетілдіру курсынан өтіп №0344135 тіркеу нөмірлі сертификат алдым.
  3. 13.05.2021 жылы «Интеллектуалдық дамыту ойындары – баланың әлеуетін арттыру құралы» тақырыбындағы 12 сағаттық тренингтен өткенімді растайтын сертификат.
  4. 20.05.2021 жылы «Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік білім беру орталығында «Мектепке дейінгі ұйымда жаз мезгіліндегі тәрбие және сауықтыру шараларын сапалы ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн семинарға қатысқанымды растайтын 8 сағаттық №024 тіркеу номерлі сертификат алды.

     Сонымен қатар басылым беттері арқылы да іс-тәжірибемді таратып келемін. Республикалық «Бала мен балабақша» журналының №2, 2021жылғы кезекті номерінде «Мектепке дейінгі жастағы балалармен мультимедиялық тұсаукесерлер жасауға және қолдануға әдістемелік ұсынымдар» тақырыбындағы жұмысым жарияланды. Республикалық ғылыми педагогикалық әдістемелік «Дидактика» журналының 06.02.2022 жылғы кезекті номерінде «Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа техногияларды қолдану» тақырыбында мақалам жарияланды.

      Білім саласында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, өз міндетімді абыроймен атқарып, қоғамдық өмірге белсене атсалысқаным үшін «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Атырау қалалық комитетінің 2020 жылы «Алғыс хатымен» марапатталдым. Сонымен қатар 2021 жылы Атырау қаласы білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында өткізілген «Туған жер» тақырыбындағы қалалық экологиялық Квест марафонын ұйымдастырып өткізуге белсенділік танытқанымыз үшін №29 «Нұрсая» бөбекжай-бақша педагогтері марапатталдық. 2021 жылы қалалық «Үздік әлеуметтік желі парақшасы(instagram)» байқауында виртуалды имиджі қалыптасқан және үздік контент дайындаған білім беру ұйымы №29 «Нұрсая» бөбекжай-бақша педагогтері ІІ дәрежелі дипломмен марапалдалдық. 2022жылы «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Атырау қалалық комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым. «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалының «Алғыс хатын» алдым. Білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Қазақстан Республикасының «Үздік педагогы» төсбелгісімен 2022 жылы  «Өрлеу» республикалық педагогикалық шеберлікті дамыту орталығының «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.