Хабарландыру!!! Бос лауазымға конкурс жарияланады!

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№29 «Нұрсая» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығымен бос лауазым орнына конкурс жариялайды.
Конкурс төмендегідей лауазым бойынша өткізіледі.
Мектепке дейінгі тәрбиеші - 21 штат бірлігі (тұрақты)
Мектепке дейінгі тәрбиеші - 7 штат бірлігі (уақытша)
Хореограф - 2,5 штат бірлігі (тұрақты).
Дефектолог - 1 штат бірлігі (уақытша)
Қазақ тілі маманы - 4,5 штат бірлігі ( тұрақты)
Дене шынықтыру маманы - 2 штат бірлігі (тұрақты)
Саз жетекшісі - 4 штат бірлігі (тұрақты)
Орналасқан жері: Атырау қаласы, Елорда даңғылы 26/28
Байланыс телефоны: 8(702)123-14-69; 8(7122)51-56-18
Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қағиданың тәртібіне сәйкес белгіленеді.
Лауазымдық міндеттері:
Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.