Атырау облыстық Білім беру басқармасы, Атырау қалалық білім бөліміне қарасты №29 “Нұрсая” бөбекжай-бақшасында қыркүйек айының жоспарына сәйкес, бөбекжай-бақша ішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Бөбекжай-бақша меңгерушісі Б.Мұғауова жалпы ата-аналар жиналысында қаралатын мәселелермен таныстырды.Таңертеңгілік қабылдау, балабақша төлемақысы, ішкі тәртіп, ата-ананың балабақшамен қарым-қатынасы, балабақша туралы жалпы мәлімет айтылды. Әдіскер Г.Карабасова "2022-2023” жаңа оқу жылына алынған міндеттер және тәрбие-білім процесіндегі өзгерістермен ата-аналарды таныстырып, сонымен қатар бөбекжай-бақшамыздың жетістіктерімен бөлісті. Бөбекжай - бақша медбикесі "Балаларды түрлі аурулардан қалай сақтану керек" туралы баяндама оқыды. Жаңадан келген балалардың балабақшаға бейімделуі жөнінде психолог Утепова Л.С. ата-аналарға кеңес беріп және тренинг өткізді. Сонымен қатар ата - аналарға ситуациялық сұрақтар қойылып, сауалнама таратылды. Жиналыс соңында ата - аналар бөбекжай - бақша педагогтарына және жалпы барлық қызметкерлерге өз алғыстарын білдірді. Балабақша әкімшілігі ата-аналардың сұрақтарына толық жауап берді.
View the embedded image gallery online at:
https://nursaya-29.edu.kz/janalyqtar-nursaya29/13560-atyrau-oblysty-bilim-beru-bas-armasy-atyrau-alaly-bilim-b-limine-arasty-29-n-rsaya-b-bekzhaj-ba-shasynda-yrk-jek-ajyny-zhosparyna-s-jkes-b-bekzhaj-ba-sha-ishilik-zhalpy-ata-analar-zhinalysy-tti.html#sigFreeIdfa9f8a8d35