27 Қаз 2022
Жаңалықтар

Атырау облыстық Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің №29 “Нұрсая” бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дене шынықтыру және сауықтыру

Атырау облыстық Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің №29 “Нұрсая” бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дене шынықтыру және сауықтыру шараларының жоспарына сай мектепалды, ересек топтары арасында ата-аналармен бірлесе отырып спорттық сайыс “Әкем және мен”, “Әкем,анам және мен” атты жарысын дене шынықтыру нұсқаушылары Ақжамал Махмудқызы мен Зульфия Серікқызының ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл шараның мақсаты ата—аналарды балабақша өміріне араластыру, мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Жас ұрпаққа және ата—аналарға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүруге қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Отбасындағы үндестікті және балалардың икемділігін, шапшаңдылығын, достыққа тәрбиелеу. Сайысқа қатысқан барлық ата-аналарға, тәрбиеленушілерге және дене шынықтыру нұсқаушыларына алғыс білдіреміз!