КМҚК №29 “Нұрсая” бөбекжай-бақшамызда Мемлекеттік ұлттық мереке - 25қазан «Республика күніне» арналған 2022жылдың қазан айының жоспар бойынша бірқатар мерекелік шаралар өткізілді
КМҚК №29 “Нұрсая” бөбекжай-бақшамызда Мемлекеттік ұлттық мереке - 25қазан «Республика күніне» арналған 2022жылдың қазан айының жоспар бойынша бірқатар мерекелік шаралар өткізілді. Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мереке. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда патриотизм басты назарымызда. Балабақша тәрбиеленушілеріне Отанды сүюге, Егемен еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру және қазақ халқының ұлттық құндылықтары арқылы тәрбиелеу мақсатында Республика күніне орай балабақшамызда
”Менің Отаным Қазақстан” тақырыбында сурет және қолөнер көрмесі!
Республика күнінің маңызын түсіндіру, Елін жерін сүйе білетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мақсатында педагогдармен “Менің арманымдағы Қазақстан” атты балабақша ішілік эссе. Ұстаздар өз жұмыстарында пікірлерін айқын көрсетіп, креативті ойларымен бөлісті. Ата-бабамыздан мұра болып қалған, батырларымыздың ерен еңбегімен жеткен тәуелсіздігімізді сақтау әрбір қазақтың міндеті екенін түсіне отырып, елімізді дамыту жолындағы өздеріне артылған жүкті сеніммен атқаратындықтарын мақтанышпен жазған.
”Отанды сүйіп, Тілімізді құрметтейік!” атты көркемсөз сайысына қатысушы бүлдіршіндер мен педагогтердың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіре оқуға машықтандырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
25 қазан Республика күніне орай ата - анамен бірлескен жұмыс “Республикам менің- Қазақстаным!” атты керемет мерекелік шара өтті.
Ұлттық мерекелік шараға барша балабақша педагогтары, бүлдіршіндері және ата- аналар белсене атсалысты. Бүгінде біз Тәуелсіз Қазақстан елінде тұратынымды мақтан тұтамыз.