27 Қаз 2022
Жаңалықтар

25қазан “Республика күніне” орайластырылып ұйымдастырылған республикалық “МЕНІҢ ЖАСЫЛ АЛАҢЫМ” тал отырғызу акциясы барысында

25қазан “Республика күніне” орайластырылып ұйымдастырылған республикалық “МЕНІҢ ЖАСЫЛ АЛАҢЫМ” тал отырғызу акциясы барысында қаладағы 30 шақты балабақшаға мыңнан аса жасыл желек отырғызу көзделген. Аталған тал егу акциясы 2022жылдың 20 қазан күні басталып, алғашқы көшеттері біздің Атырау облысы Білім басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің №29 “Нұрсая” бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ауласынан басталып 50 түп тал отырғызылды. Науқанның бір ерекшелігі жасыл желекке жеміс ағаштары таңдалынған. Ауламызға жасыл желектерді отырғызуға ұйымдастырушыларға бөбекжайдың бүлдіршіндері мен қызметкерлері көмектесіп, акцияға белсене атсалысты. Бұл акцияның негізгі мақсаты балаларды, жастарды патриоттық сезімге баулу, өзінің елін сүюге тәрбиелеу, еңбекке баулу, табиғатты Отанын қорғауға деген сүйіспеншілігін арттыру, қаламыздағы жасыл желектер санын көбейту. Табиғатты аялау әрбір азаматтың басты парызы. Ұйымдастырушылар туған өлкеге жанашыр болғысы келетін әрбір азаматты бұл акцияға белсенділік танытуға шақырады. Және осы Атыраудан бастау алған акция Батыс Қазақстан облысы Ақжайыққа жастарына жолданды.