14 Қар 2022
Жаңалықтар

"Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман"

Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл- күйін көтеру мақсатында
N29 "Нұрсая" бөбекжай- бақшасында "Жарқын болашақ-иесі бүгінгі жас маман" тақырыбында Жас мамандар мектебі жетекшісі Лаура Мұратқызы кеңес өткізіп, өзінің іс- тәжірибесімен бөлісті. Кеңес барысында жаңа бағдарлама аясында перспективалық жоспар құру, циклограмма жазу жолдарын педагог- зерттеуші Гульмира Кабылқызы түсіндіріп өтті.
Жас мамандар " Өз тәлімгеріңді таңда" жаттығуы арқылы, тәлімгерлерін таңдады. Кеңес дидактикалық, қимылдық ойындарды ойнау арқылы қорытындыланды.
Жас мамандарға тәлімгерлерімен бірлесе жұмыс атқаруға сәттілік тілейміз.